KazakhExport жарғылық капиталы 34 млрд. теңгеге артты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport жарғылық капиталы 34 млрд. теңгеге артты

"KazakhExport" Экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ жарғылық капиталын 34 млрд.теңге көлемінде толықтыру Жалғыз акционер - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ 2019 жылғы 21 ақпандағы шешімі негізінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың  2018 жылғы қазан айындағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатын:табыстары мен өмір сүру сапасын арттыру" Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылды.

Компанияның меншікті капиталы 77,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, активтердің көлемі 82,8 млрд.теңгені құрады.

"KazakhExport" жарғылық капиталын ұлғайту Компанияның дамуына жағымды әсер етеді, сондай - ақ қазақстандық экспорттаушыларды сақтандыру қолдау мен экспорттық түсім көлемін арттыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді "KazakhExport"ЭСК" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков.

"KazakhExport" портфелінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың барлығы 14 құрал бар. Оларды халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырған шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді өндіру бойынша жұмыс істейтін кез келген қазақстандық кәсіпорын пайдалана алады және бұл ретте өз бизнесін қажетсіз тәуекелдерден қауіпсіздендіре алады.

Анықтамалық:

"KazakhExport" Экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ миссиясы ("Бәйтерек "ҰБХ" АҚ құрылымына кіреді) экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.