«KazakhExport» және «EuroasiaInsurance» Сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» және «EuroasiaInsurance» Сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«KazakhExport» ЭСК» АҚ және өзбекстандық «Euroasia Insurance» сақтандыру компаниясы қазақстандық экспорттаушыларды қолдайтын болады. Келісім сақтандыру қызметтері нарығын дамытуға бағытталған.

Бұл жерде KazakhExport және Euroasia Insurance қолдауымен қазақстандық өндірушілердің тәуекелдерін сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы өзара іс-қимыл туралы айтылып отыр.

«Euroasia Insurance» сақтандыру компаниясы Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қазанда тіркелді. Жалпы сақтандыру саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензияны (сериясы СФ № 00150) ӨР Қаржы министрлігі Қоғамға 2010 жылғы 22 қаңтарда берді.

«Euroasia Insurance» қоғамының жарғылық капиталы 1,8 млн.еуро құрайды. Ұсынылатын сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі Өзбекстан Республикасы бойынша орналасқан аумақтық бөлімшелердің ауқымды желісі арқасында қамтамасыз етіледі.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) миссиясы - экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.