«Kazakhexport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жұмыс орындарын құрады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«Kazakhexport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жұмыс орындарын құрады

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектордың жұмыс берушілері арасында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ  2018 жылы 21 жұмыс орнын берді.

Жүргізілген мониторинг деректері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуші азаматтар жұмысқа тұрып жатқан сұранысы жоғары кәсіптерге: күзетші, тәрбиелеуші, кеңес беруші-сатушы жатады деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс берушілерге қажетті кәсіптердің үздік 10-дығына: қара жұмысшы, слесарь, әлеуметтік жұмыскер кіреді.

Мына 7 кәсіпті игерген азаматтар жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие болған, белсенді жұмысқа тұрып жатқан кәсіптерге жатады. Бұл – көмекші жұмысшы, мұғалім, жинап тазалаушы, жүргізуші, мейірбике, күзетші, санитар.

Мәселен, неғұрлым тапшы кәсіптер тізімінің көшбасында: көмекші жұмысшы (20522 бос орын), күзетші (3953), мейірбике (мейіргер) - 3683, санитар (2531), автомобиль жүргізуші (2322), үй-жайларды жинап тазалаушы (2273), тәрбиелеушінің көмекшісі (2135), жүк тиеуші (1864), өндірістік және қызметтік үй-жайларды жинап тазалаушы (1733), жалпы практика дәрігері (1677).

Нарықтағы неғұрлым артық кәсіптерге: заңгер (1510 бос орын), техник-программист (706), қаржыгер (570), жалпы бейіндегі экономист (558), елді мекендерді абаттандыру жұмысшысы (487), курьер (428), жалпы бейіндегі техник-технолог (344), заңгер-кеңесші (219), жағада балық аулайтын балықшы (167), бастауыш мектеп педагогы (146) жатады.

Тұтас алғанда, 2018 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша Еңбек биржасында (www.enbek.kz) 51,2 мың бос орын және 85,6 мың түйіндеме орналастырылған. Бос орындардың неғұрлым көп саны ауыл шарушылығында - 36,3% және әлеуметтік салада - 12,8% (оның ішінде 7,7% білім беру және 5,1% денсаулық сақтау). Бұл ретте біліктілік деңгейі мен еңбекақысы төмен бос жұмыс орындары басым. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өткізген 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг қорытындысы осындай.

Бұдан әрі сұраныста болуы бойынша: сауда саласы (9,5%), құрылыс (9,2%), өнеркәсіп (6,2%), мемлекеттік басқару (6%), өзге қызметтер (6,9%).

Өнеркәсіп саласының кәсіпорындары Еңбек нарығында мамандар іздеуді белсенді жүзеге асырды (мысалы, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС  - 1255 бос орын; «Шығыс түсті металл» ЖШС - 812 бос орын; «KSP Steel» ЖШС - 6972 бос орын; «БИПЭК АВТО» Компаниялар Тобы - 126 бос орын). «Тенгизшевройл» ЖШС-нің 37 мердігер-компаниясы 11,9 мың бос жұмыс орнын орналастырды, қаржы секторынан порталда 112 ұйымнан бос орындар тіркелді – қазақстандық банктерден, олардың филиалдары мен еншілес ұйымдарынан, мысалы, «Банк Хоум Кредит» ЕБ АҚ (282 бос орын), «ҚТҚЖБ» АҚ филиалдары (155 бос орын), «Нұрбанк» АҚ (125 бос орын), «Банк Центркредит» АҚ (79 бос орын), «Еуразиялық банк» АҚ (75 бос орын), квазимемлекеттік сектордан: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (1102 бос орын); «Зерде» ҰИХ» АҚ (73 бос орын); «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (21 бос орын); «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ (942 бос орын); «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (30 бос орын).

Мақаланың толық мәтінін Сіз: https://dknews.kz/obsestvo/nazvany-top-10-professii-trudoustroistva-grazdan.html сілтемесіне өту арқылы таба аласыз.