«KazakhExport» ЭСК» АҚ мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіреді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» ЭСК» АҚ мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіреді

Орал қ. 29-30 қаңтар 2019 ж.

29 қаңтарда «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының қызметкерлері БҚО қазіргі және әлеуетті экспорттаушыларымен, сондай-ақ қаржы ұйымдарымен В2В кездесулер өткізеді. Оралдың 14-тен астам кәсіпорындары мемлекеттің қолдау шаралары туралы ақпарат алып, Ұлттық компанияның сақтандыру құралдарын пайдалана алады.

Бұл кездесулердің шеңберінде «KazakhExport» менеджерлері кәсіпкерлерді қаржы құралдарының мүмкіндіктері туралы хабарландырады, сәтті кейстер туралы әңгімелеп, барлық сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ дербес кеңес беру түрінде қолдаудың қолайлы құралын іріктеуге көмектеседі.

Сонымен қатар БҚО КИИДБ қолдауымен KazakhExport Ұлттық компаниясының қолдау құралдарына қатысты семинар-кеңесу өткізіледі. Семинар бағдарламасы қызмет пен тауар өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін арнайы әзірленді.

Айта кетсек, 2018 жылы бұл өңірдің экспорттаушыларына қолдау көлемі шамамен 700 млн. теңгені құрады. Оның ішінде кондитер өнімдерін, металлургия өнімдерін, тамақ өнімдерін, трансформатор өндіруші кәсіпорындарға қолдау көрсетілді.

«KazakhExport» қызметкерлерінің бұл кездесулері Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрақты негізде өткізілетін болады.

«KazakhExport» компаниясының қызметтерін халықаралық нарыққа шығуды және өз бизнесін керексіз тәуекелдерден қауіпсіздендіруді жоспарлап отырған шикізаттық емес тауарлар өндіретін Қазақстанның кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алады. «KazakhExport»-тың шағын және орта бизнесті қолдайтын 13 құралы бар, олардың арасында: кредиттерді сақтандыру, банктік төлем кепілдіктерін сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру және басқа. Өнім экспорты саласындағы мемлекеттік қолдау құралдарымен неғұрлым толығырақ www.keg.kz сайтында танысуға болады.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ –  «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдаумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржылай-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.  «KazakhExport» ЭСК» АҚ 2023 жылға пайымы – Қазақстан Республикасының Орталық Азия аймағындағы және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатын іске асырудағы негізгі даму институты атану.

Байланыс деректері:
«Kazakhexport» ЭСК» АҚ
Жанғалиев Мейрамбек, директордың орынбасары +7 702 886 44 38
Бекбасова Армана, өңірлік менеджер +7 701 777 98 40
БҚО КИИДБ
Габделов Абай, +7 775 333 50 10