Қазақстанның оңтүстігінде ет өңдеудегі инновациялар әзірленді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның оңтүстігінде ет өңдеудегі инновациялар әзірленді

Компанияның ет өнімдерін өңдеп, мал соятын инновациялық кешені Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында орналасқан. «Қайып-Ата» ЖШС 2012 жылы мал семіртетін алаң ретінде ашылды. Әуелде комбинатта 1 мың бас ірі қара мал бордақыланды. Кейін заманауи мал өсіру кешені кеңейтілді, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, үй-жайлар жаңғыртылды және жануарлар саны 6000 басқа дейін көбейтілді. Қазір кәсіпорын жалпы алаңы 17 гектарға жуық учаскені алып жатыр, оның ішінде өндірістік алаң 33 мың шаршы метрден асады.                                                    

Қазіргі кезде «Қайып-Ата» ЖШС инновациялық ет өңдеуші комбинатты іске қосып, өзінің қызмет саласында өзгеріс жасады. Кәсіпорын заманауи технологиялық жабдықтармен, жаңа техникамен, кешенді механикаландырумен, өндірісті автоматтандырумен және қауіпсіздікті бақылау мен басқару құралдарымен жарақтандырылды. Компанияның экологиялық таза және сапалы өнімдері жоғары сұранысқа ие.

Бүгінгі күні өңдеудің: мал өсіруден, құрама жем шығарудан, бордақылаудан бастап нақты тұтынушының тапсырысы бойынша дайын өнімдерді тиеп-жөнелтуге дейінгі бүкіл үдерісін өз бетінше жүзеге асырады. Компанияның бірнеше зертханалары, бірнеше үлкен тоңазытқыш камералары, бөлшектеп өлшеу цехы бар.

Комбинаттың жұмыс үдерісі айтарлықтай айқын құрылған. Кәсіпорын персоналының жиынтық саны 42 адамды құрайды. Өндірістегі жекелеген функцияларды орындауға жауап беретін тұрақты жұмыс істейтін бөлімдер мен қызметтер бар. Бұл бөлімшелердің қызметкерлері өндірістік қызмет нәтижелері үшін дербес жауап береді. Бүкіл түсетін шикізат және дайын өнім міндетті сертификаттаудан өтеді. Комбинаттың өндірістік зертханасы шығарылатын өнімдерге сапа талдауын үздіксіз жүргізеді.

Серіктестік ет өнімдерін өндіріп қана қоймай, оны шет елдерге сатады. Кәсіпорынның өз өнімін БАӘ, Өзбекстанға және ТМД елдеріне экспорттау тәжірибесі бар. Мысалы, үстіміздегі жылдың басынан бері «Қайып ата» ЖШС Иранға ҰҚМ-дың 248,7 тонна ет өнімдерін, ал Өзбекстанға екі мың тоннадан астам сиыр етін экспорттады, Ресейге экспорт 1395 бас қойды құрады.

Қаржы тарту және сату көлемін ұлғайту үшін кәсіпорын KazakhExport-қа мемлекеттік қолдау көрсетуді сұрап жүгінді және осы жылдың желтоқсан айында «Қайып-Ата» ЖШС жалпы 600 млн теңгеден астам сомаға қарызын сақтандарды. Сөйтіп, компания бүгінгі күні Қазақстан нарығында ғана емес, көрші елдерде өз орнын нығайтуға мүмкіндік алды.

Қазір «Қайып-Ата» ЖШС өткізу көлемін ұлғайтуды, еңбек тиімділігін көтеруді, жаңа қуаттылықтарды енгізуді, ассортимент желісін кеңейтуді, жаңа өңірлерді қамтуды және жаңа фирмалық дүкендер ашуды жоспарлап отыр.