Сақтандыру тәртібі | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Сақтандыру тәртібі

Компаниялар үшін негізгі проблемалардың бірі төлем жүргізбеу тәуекелі болып табылады. KazakhExport Сіздің кәсіпорныңызға кредиттердерді сақтандыру жолымен көмектесуге дайын.

Сақтандыруды қалай алуға болады? 

1. Экспорттаушы мен импорттаушы төлем мұрсаты мүмкіндігімен экспорттық келісімшарт жасасады. 

2. Экспорттаушы сақтандыруға KazakhExport-қа өтініш береді. 

3. KazakhExport өтінімді қарайды және экспорттаушымен сақтандыру шартын жасайды. 

4. Экспорттаушы тауарлар жеткізеді және сақтандыру сыйлықақысын төлейді. 

5. Егер импорттаушы алынған тауарды төлемейтін болса, KazakhExport экспорттаушының залалдарын өтейді.