«KazakhExport» ЭСК» АҚ Жалғыз акционерінің «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімі | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Жалғыз акционерінің «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімі

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Жалғыз акционері Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 14/18 хаттамасы) қабылдағанын хабарлайды:

  1. Қоғамның (заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Зенков көшесі, 80/4, нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 «А» үй, деректемелері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК KZ626010131000096412, HSBKKZKX, БСН 030840002763, Кбе 15) 2017 қаржы жылының ішінде алынған 2 131 295 755,37 (екі миллиард жүз отыз бір миллион екі жүз тоқсан бес мың жеті жүз елу бес теңге отыз жеті тиын) мөлшеріндегі таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: 
  1. 639 388 740,80 (алты жүз отыз тоғыз миллион үш жүз сексен сегіз мың жеті жүз қырық) теңге 80 (сексен) тиын мөлшеріндегі сома «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Жалғыз акционер) таза табыс сомасының 30% есебінен дивиденд төлеуге бағытталсын;
  2. таза табыстан қалған 1 491 907 014,57 (бір миллиард төрт жүз тоқсан бір миллион тоғыз жеті мың он төрт) теңге 57 (елу жеті) тиын мөлшеріндегі бөлігі Қоғамның иелігіне қалдырылсын.
  3. Дивиденд мөлшері Қоғамның бір жай акциясына шаққанда 7 098,01 (жеті мың тоқсан сегіз) теңге бір тиын мөлшерінде бекітілсін.
  1. Қоғам дивидендтер төлеуді Жалғыз акционерінің Қоғам акцияларын ұстаушылары тізілімінің жүйесінде көрсетілген банк шотына осы шешім қабылданған кезден бастап 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей қолма-қол ақшасыз аудару жолымен ақшалай нысанда жүргізсін.
  2. Дивидендтер төлеу басталатын күн – 2018 жылғы 30 сәуір болып белгіленсін.

Осы шешім Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.

Қоғамды корпоративтік басқаруға қатысты мәселелер бойынша Қоғамның Корпоративтік хатшысы Альфия Давлетоваға жүгіне аласыздар.