Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі БРИКС алаңында құрылыс саласындағы жаңа жобаларды талқылады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі БРИКС алаңында құрылыс саласындағы жаңа жобаларды талқылады

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ БРИКС алғашқы халықаралық құрылыс апталығында болды. 17 елдің бейінді ведомстволарының өкілдерін, девелоперлерді, сәулетшілер мен құрылыс материалдарын өндірушілерді біріктірген форумда Агенттіктің Татарстан Республикасындағы өңірлік директоры Ренат Қалиев қатысты. 

Агенттік іс-шара барысында «АСК Хоум» сәулет-құрылыс компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың құрылыс секторында ұзақмерзімді іскерлік әріптестік пен кооперацияны дамытуға деген ниетін бекітті.

Салалық пікірталастар мен бірқатар B2B-келіссөздер аясында Р. Қалиев  шикізаттық емес экспортты қолдауға және сыртқы сауда келісімшарттарын іске асыру кезіндегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған агенттіктің қаржылық және сақтандыру құралдарын таныстырды.

Тараптар қазақстандық құрылыс материалдары мен ілеспе өнеркәсіп өнімдерін Ресей нарығына, сондай-ақ БРИКС бірлестігіне мүше және серіктес мемлекеттерге жеткізу перспективаларын жан-жақты талқылады.

БРИКС халықаралық құрылыс апталығының іскерлік бағдарламасы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, озық құрылыс технологияларын енгізуге және саланы цифрландыруға арналған 120-дан астам сессия мен тақырыптық дөңгелек үстелді қамтыды.

Агенттіктің форумға қатысуы әлеуетті шетелдік контрагенттер аясын кеңейтуге және қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы нарықтардағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік берді.

 

consultation Кеңес ал!