ЭКА қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін кәсіпорындарды  қолдауды күшейтпек | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ЭКА қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін кәсіпорындарды  қолдауды күшейтпек

Қазақстан қосылған құны жоғары дайын өнім экспортын арттыруға басымдық беріп, шетелдік серіктестермен бірлесіп нарықтағы тұрақсыздыққа төзімді трансшекаралық сауда тетіктерін қалыптастыруға дайын. Бұл туралы «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) өңірлік директоры «Халықаралық сауда күні – 2026» сыртқы экономикалық форумы барысында мәлімдеді.

Экспорттаушылар және импорттаушылар қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараға бизнес, мемлекеттік құрылымдар мен дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері қатысып, сыртқы сауда тәуекелдерін азайту және шығындарды қысқарту мәселелерін талқылады. Пікірталастардың негізгі тақырыптары цифрлық құралдарды пайдалана отырып, шетелдік серіктестерді жедел тексеру, сондай-ақ БРИКС+, ШЫҰ және ЕАЭО алаңдарындағы ынтымақтастықты кеңейту болды.

Іскерлік бағдарлама аясында ЭКА өкілі Василий Алпатов қазақстандық өнімнің әлеуетті сатып алушыларымен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар форум қатысушыларына отандық дайын өнімнің онлайн-шоурумы – «Қазақстан экспорттаушыларының витринасы» цифрлық платформасы таныстырылды. Аталған платформа шетелдік тапсырыс берушілерге тексеруден өткен жеткізушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта каталогта Made in KZ брендімен ұсынылған 1,2 мыңнан астам өнім атауы бар.

Форум қорытындысы бойынша ЭКА мен Экспорттаушылар және импорттаушылар қауымдастығы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталған қауымдастық сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға маманданған.

Құжат Қазақстаннан Ресей Федерациясына жеткізілетін өнім түрлерін кеңейтуге және өзара тауар айналымының көлемін ұлғайтуға бағытталған. Өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы тікелей байланыстар делдалдар тізбегін қысқартуға және тұтынушылар үшін түпкілікті бағаларды оңтайландыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

consultation Кеңес ал!