Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі мен O!Bank Үкіметаралық кеңес шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі мен O!Bank Үкіметаралық кеңес шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бишкек қаласында өткен Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің XIV отырысы және Өңіраралық ынтымақтастықтың екінші форумы шеңберінде «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – ЭКА) Басқарма төрағасы Аллен Шайжүнісов «О!Банк» ААҚ-мен (Қырғыз Республикасы) Сақтандыру жабынының лимитін белгілеу туралы келісімге қол қойды.

Құжат ұзақ мерзімді сауда-экономикалық серіктестікті жүйелі дамытуға негіз қалайды. Келісімді практикалық іске асыру сауданы қаржыландырудың заманауи құралдары мен экспорттық аккредитивтерді сақтандыруды пайдалана отырып, Қырғызстан нарығына қазақстандық өнімдер мен қызметтердің жеткізілімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

ЭКА мен O!Bank серіктестігі екі елдің іскерлік топтары үшін жаңа перспективалар ашады, бұл экспорттық жеткізілімдердің көлемі мен номенклатурасын ұлғайтуға, өнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға, сондай-ақ сыртқы сауда келісімшарттары бойынша есеп айырысулардың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қол қойылған келісім екі ел серіктестігін нығайтудың жалпы динамикасына сәйкес келеді. Ресми статистика мәліметтері бойынша, екіжақты тауар айналымы сенімді өсім көрсетіп отыр: 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында елдер арасындағы өзара сауда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға ұлғайып, 1,7 млрд долларға жетті.

ЭКА ұсынатын экспортты қолдаудың қаржылық құралдарын кеңейту осы оң тенденцияны бекітуге, өзара инвестициялар ағынын ынталандыруға және екі бауырлас мемлекеттің стратегилық серіктестігі шеңберінде өзара сауда көлемін одан әрі арттыруға бағытталған.

2026 жылдың тоғыз айында ЭКА-ның қаржылық-сақтандыру қолдауымен Қырғызстанға 9,9 млрд теңге сомасына өнім экспортталды. Жеткізілімдердің негізгі көлемі металлургия, жеңіл, химия және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ АӨК тауарларына тиесілі болды.

consultation Кеңес ал!