Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметкерлері Республика күніне орай марапатталды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметкерлері Республика күніне орай марапатталды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Бәйтерек» холдингінде компаниялар тобының қызметкерлерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби жетістіктері үшін құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Өз сөзінде Холдинг басшысы Рустам Қарағойшин Қазақстан тәуелсіздігінің берік іргетасы болған Мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияның тарихи маңызына ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» және оның еншілес ұйымдарының алдына Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуетін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша ауқымды міндеттер қойғаны атап өтілді.

Салтанатты рәсім барысында мінсіз еңбегі, стратегиялық бастамаларды іске асыруға және отандық экспортты жылжытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қызметкерлері лайықты марапаттарға ие болды.

Жоғары кәсіби жұмысы мен іске жауапкершілікпен қарағаны үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Алғыс хаттарымен марапатталғандар:

  • Елдар Қуанбаев – Басқарушы директор;

  • Әсел Кеңесова – Адам ресурстарын басқару және ұйымдастырушылық қызмет департаментінің директоры.

Құрылтай депутаттарын сайлауды өткізу кезінде сайлау процесін қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны және қосқан үлесі үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталғандар:

  • Сабит Тастанбаев – Адам ресурстарын басқару және ұйымдастырушылық қызмет департаменті директорының орынбасары;

  • Шолпан Сапарбаева – Әкімшілендіру департаментінің бас менеджері.

Құрылтай депутаттарын сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Алғыс хатымен атап өтілді:

  • Фариза Исанова – Басқарма хатшысы.

ЭКА ұжымы әріптестерін жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтайды және оларға Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы кәсіби қызметте жаңа табыстар тілейді!

consultation Кеңес ал!