ЭКА экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 стандартына сәйкес екені расталды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ЭКА экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 стандартына сәйкес екені расталды

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ экологиялық менеджмент жүйесінің ҚР СТ ISO 14001-2016 стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша жоспарлы инспекциялық аудитті аяқтады.

Бағалау қорытындысы бойынша сарапшылар қолданыстағы жүйенің жоғары нәтижелілігін және белгіленген стандарттарға толық сәйкестігін растады.

Инспекциялық аудит нәтижелері ЭКА-ның экологиялық менеджмент жүйесін дәйекті түрде дамытып келе жатқанын, сондай-ақ компанияның орнықты даму және бизнесті жауапкершілікпен жүргізу қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.

consultation Кеңес ал!