Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінде «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінде «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтті

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлері «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының өкілдерімен бірлесіп, жыл сайын өткізілетін «Донор күні» қайырымдылық акциясына қатысты.

Аталған бастама аясында бір күн ішінде 40 литрден астам донорлық қан жиналды. Биоматериалды алу рәсімі трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мамандарының қатаң бақылауымен жүргізілді. Жиналған қан компоненттері мұқтаж пациенттерге көмек көрсету үшін елордадағы медициналық ұйымдарға жіберілетін болады.

Акцияның мақсаты – ерікті донорлықты дамытуға жәрдемдесу, қан мен оның компоненттері қорының тұрақты толықтырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызды әлеуметтік-қайырымдылық бастамаларды қолдау.

Аталған бастама қайтарымсыз көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған.

consultation Кеңес ал!