Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі KASE нұсқасы бойынша корпоративтік есептілік көшбасшысы атанды
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ 2024 жылдың қорытындысы бойынша KASE Қазақстан қор биржасы өткізетін жылсайынғы есеп байқауында «Листингке кірмейтін компаниялар арасындағы үздік жылдық есеп» номинациясының жеңімпазы атанды. Алматыда өткен салтанатты рәсімде ашық саясат ұстанып, тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде іске асырып келе жатқан ұйымдар марапатталды.
Бұл марапат Агенттіктің қаржы нарығындағы берік ұстанымын және оның стратегиялық міндеттерін іске асырудағы нәтижелілігін айғақтайды. 2022 жылдан бері өткізіліп келе жатқан KASE байқауы аясында жылдық есептерді бағалау аудит және корпоративтік есептілік саласындағы жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылардан құралған тәуелсіз жұмыс тобы арқылы жүргізіледі.
Экспорттық-кредиттік агенттік есебінің сапасы жоғары деп атап өтілді. Бұл, ең алдымен, халықаралық GRI стандарттары талаптарын, компанияның корпоративтік басқару кодексін және Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілеген нормаларды қатаң сақтауымен байланысты. Құжатта экономикалық ықпал көрсеткіштері, экспортты қолдау тетіктері, іске асырылған жобалардың нақты мысалдары жан-жақты қамтылған. Сонымен қатар кірістерді бөлу, сатып алу қызметі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды қоса алғанда, ашықтықты қамтамасыз етуге қатысты мәліметтер де кеңінен ұсынылған. Есептің маңызды бөлігі компания қызметіне ESG қағидаттарын жүйелі енгізу мәселесіне арналған.
Осы бағыттағы жүйелі жұмыс Экспорттық-кредиттік агенттіктің озық халықаралық тәжірибелерді енгізіп отырған елдің негізгі даму институттарының бірі ретіндегі беделін нығайта түсті.
Алдағы кезеңде Агенттік ақпаратты ашу саясатын одан әрі жетілдіріп, қор нарықтарының ұсынымдарын басшылыққа алуды жалғастырады. Бұл ұлттық қаржы секторының ашықтығын арттыруға және оның инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал ететін маңызды фактор болып қала береді.
Жылдық есептің толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқып шығуға болады.
