ҚДБ орта және ірі бизнес өкілдерін «Экспорттық қаржыландыруды қалай алуға болады: бизнеске арналған ҚДБ қаржы құралдары» тақырыбындағы онлайн вебинарға қатысуға шақырады.
Кездесу барысында кәсіпкерлер, компания басшылары мен қаржы директорлары экспорттық жеткізілімдерді қолдауға арналған қандай шешімдер бар екенін және қаржыландыру алу үдерісінен қалай өтетінін біле алады.
Вебинарда не туралы айтылады?
Экспорттық қаржыландыру құралдары. Экспорттық келісімшарттарды қолдауға арналған қолжетімді шешімдер мен қаржыландыру тетіктерін қарастырамыз.
Шарттар мен негізгі талаптар. Қаржыландыру берудің негізгі талаптары, мерзімдері мен басты шарттары талқыланады.
Қадам-қадамымен түсіндіру. Алғашқы өтінім беруден бастап құжаттарды дайындау және шешім қабылдау кезеңіне дейінгі негізгі сатылар көрсетіледі.
Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 27 наурыз, сағат 17:00
Формат: онлайн
Тіркелу: https://forms.gle/Br45H2Sxjop56SEi7
