Кілем өнімдерін экспорттаушы KazakhExport-тан қолдау алды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Кілем өнімдерін экспорттаушы KazakhExport-тан қолдау алды

Қазақстанда кілем шығару жөніндегі көшбасшы «Бал Текстиль» (Bal Tekstil) ЖШС «KazakhExport» ЭСК» АҚ-мен экспорттық кредиттерді сақтандыру шартын жасасты. Мәміле сомасы - 8 млн рубль. Шарттың мәні – сақтандырушының мүліктік мүдделерін сақтандыру.

«Бал Текстиль» компаниясы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта кілемдер және кілем өнімдерін шығаруға мамандандырылған. Кәсіпорын жылына 5 млн. ш. м. астам өнім шығарады. Республикада компанияның 400-ден астам дистрибьюторлары жұмыс істейді.

Өндіріс желілерінде бельгиялық Van De Wiele маркасы станоктарының жаңа үлгілері орнатылған. 2015 жылы компания кілем өнімдерін дайындау үшін Heat Set, BCF және Freeze полипропилен жіптерін шығару жөніндегі станокты іске қосты, мұның өзі кілем тоқу станоктарының қуаттылығын толық күшінде пайдалануға мүмкіндік берді. Осының арқасында шикізаттың құны төмендеді, шығарылатын кілем өнімдерінің ассортименті мен түстік диапазоны кеңейді, сондай-ақ өнімдердің өзіндік құны азайды.

«Бал Текстиль» ЖШС директоры Талғат Исхаховтың айтуынша, кәсіпорынның негізгі өткізу нарықтары - Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия және Франция.

Еске сала кетсек, KazakhExport-тың «Экспорттық кредитті сақтандыру» құралы қазақстандық экспорттаушыға қазақстандық тауарларды немесе қызметтерді төлем мұрсаты шартымен өткізуді көздейтін келісімшарт бойынша импорттаушының төлемеу тәуекелінен қорғаныс алуға мүмкіндік береді. Отандық экспорттаушыларды қолдау құралдарын пайдалану үшін 8 (727) 250 00 21 телефоны бойынша call-center-ге жүгініңіз. Сондай-ақ қосымша ақпаратты http://keg.kz/ сайтынан табуға болады.