Қазақстанның натрий цианидін өндіру жөніндегі зауыты «Talas Investment Company» ЖШС ресейлік алтын өндіруші компанияларға 4 мың тоннадан астам өз өнімдерін жеткізеді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның натрий цианидін өндіру жөніндегі зауыты «Talas Investment Company» ЖШС ресейлік алтын өндіруші компанияларға 4 мың тоннадан астам өз өнімдерін жеткізеді

«KazakhExport»-тың қолдауының арқасында экспорттық операциялардың шеңберінде Қазақстанның натрий цианидін өндіру жөніндегі зауыты «Talas Investment Company» ЖШС ресейлік алтын өндіруші компанияларға 2,7 млрд теңгеге 4 мың тоннадан астам өз өнімдерін жеткізеді.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-нан кәсіпорын кредит алған кезде 1,2 млрд теңге сомаға қарыз бойынша тәуекелдерінің 90%-ын сақтандырып, оған қолғабыс көрсетті.

«KazakhExport»-тың экспорттаушыларды қолдау құралы ретінде қарыздарды сақтандыруына өзінің жағымдағы жақтары бар. Қарызгерде кепілдік қамсыздандыру жетіспейтін кезде ол компанияның кредит желісін алуына кепілдік береді», - деп атап өтілді «Talas Investment Company» ЖШС-де.

Жылына 15 000 тонна қуаттылықпен натрий цианидін өндіретін зауыт – Қазақстанда бұл реагентті өндіретін химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорны. Оның өнімдері қазақстандық алтын өндіруші компаниялары және ТМД елдері компанияларының тарапынан сұранысқа ие. Натрий цианиді кеннен алтынды сілтілеу кезінде пайдаланылады.

Қазір «Talas Investment Company» ЖШС негізінен Ресейге экспорт жеткізуді жүзеге асырады. Басқа көрші елдерге де жеткізу мәселесі қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетсек, «KazakhExport» құралдарын пайдалану үшін 8 (727) 250 00 21 телефоны бойынша call-center-ге жүгінуге болады, сондай-ақ қосымша ақпаратты: http://keg.kz/ сайтынан алуға болады.