Шығыс Қазақстан облысында ЭКА қолдауымен жаңа жоғары технологиялық май экстракциялау кешені іске қосылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Шығыс Қазақстан облысында ЭКА қолдауымен жаңа жоғары технологиялық май экстракциялау кешені іске қосылды

Өскеменlt «Алтай Май» компаниясының өсімдік майлары мен тоңмай өнімдерін өндіруге арналған заманауи зауытының құрылысы аяқталды. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарының қолдауымен жүзеге асқан жоба өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға және Қазақстанның экспорттық мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Іс-шараға «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарушы директоры Елдар Қуанбаев қатысты. Жобаны іске асыру үшін «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, Qazaqstan Investment Corporation және ЭКА құралдары жұмылдырылды.

Кәсіпорын озық технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өндіріс процесі толық қалдықсыз жұмыс істеуді, сондай-ақ меншікті тазарту қондырғыларының болуын көздейді. Зауыт тәулігіне 500 тоннаға дейін күнбағыс тұқымын және 400 тоннаға дейін рапсты, сонымен қатар сояны қайта өңдей алады. Жылдық өндіріс көлемі 74 мың тоннаға дейін өсімдік майын және 64 мың тоннаға дейін шротты құрайды.

Жобаның іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етті: қазіргі таңда кәсіпорында 280 адам еңбек етеді, ал толық өндірістік қуатқа шыққаннан кейін қызметкерлер саны 400 адамға дейін артады.

Өнімнің негізгі бөлігі экспортқа бағытталады, қалғаны ішкі нарықты қамтитын болады. ЭКА қолдауымен  кәсіпорын шикі және бөтелкедегі майды экспорттау үшін серіктестермен ынтымақтастық орнатты. Экспорт Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай және өзге де елдерге жоспарланған.

ЭКА мен ALTAI MAI арасындағы ынтымақтастық 2023 жылдан бері орнатылған. Агенттік айналым қаражатын толықтыру үшін дебиторлық берешекті сақтандыру арқылы қолдау көрсетіп отыр. Қаржыландырудың негізгі бөлігін АКК мен QIC қамтамасыз етеді.

consultation Кеңес ал!