KazakhExport отандық полимерлік өнімдердің экспортына қолдау көрсетті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport отандық полимерлік өнімдердің экспортына қолдау көрсетті

Атырау облысында полимерлік өнімдерді өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырушы қазақстандық «Полимер Продакшн» ЖШС компаниясы «KazakhExport» ЭСК» АҚ құралы – экспорт алдындағы қаржыландыруды пайдаланды. Бекітілген қардыландырудың жалпы сомасы 180 млн. теңгені құрады, оның 40 млн. теңгесі игерілді.

«Полимер Продакшн» өкілдерінің дерегі бойынша экспорттық сақтандыру компаниясының құралдары туралы ақпарат оларға қызмет етуші банк - ДБ АО «Сбербанк» ЕБ АҚ арқылы берілді. Кәсіпорынның бұл қаржы институтымен ынтымақтастығы 5 жылдан астам жалғасып келеді.

«KazakhExport» қызметтерінен біздің күтетініміз –ТМД елдеріне тауарлар экспортымен шығу және жеткізушілер тарапынан төлемеу тәуекелінен қорықпай полимерлік өнімдерді өндіру жөніндегі ең жоғары қуаттылыққа шығу арқылы Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын толық мөлшерінде жүзеге асыру», - деп атап өтті "Полимер Продакшн» ЖШС Қаржыландыру және жоспарлау департаментінің бас менеджері Айгүл Қамитова.

ТМД елдерінің сатып алушыларымен әріптестік қатынастардың оңтайлануына байланысты «Полимер Продакшн" ЖШС "KazakhExport» компаниясының қазақстандық экспортты қолдау құралдарын пайдалануды одан әрі белсенді пайдалануды жоспарлап отыр.

«Полимер Продакшн» ЖШС «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобына кіреді, «Біріктірілген химия компаниясы» ЖШС еншілес ұйымы болып табылады. 2012 жылы құрылды және өзін Қазақстан мен Орталық Азиядағы полимерлік ыдысты, полиэтилен және полипропилен (БОПП) үлдірді өндіру жөніндегі алғашы ірі кәсіпорын ретінде танытты.