АкОрда Capital экспорт көлемін KazakhExport-тың қолдауымен 10 есе ұлғайтуды жоспарлауда | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

АкОрда Capital экспорт көлемін KazakhExport-тың қолдауымен 10 есе ұлғайтуды жоспарлауда

Қазақстанның жеміс-көкөніс және шұжық өнімдерін ірі өндірушілердің бірі Акорда Капитал (AkOrda Capital) «KazakhExport» ұлттық компаниясының көмегімен өндірістік алаңдарын кеңейтті және айналым капиталын толықтырды. Енді кәсіпорын экспорт көлемін 10 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ «АкОрда Capital»-ға дебиторлық берешектің қайтарылмау тәуекелін сақтандыратын «Қарызды сақтандыру» құралын ұсынды. Компанияның бас директоры Роман Гуссамовтың сөзіне қарағанда, қолдау құралы зауыт ғимаратын сатып алуға және айналым капиталын толтыруға бағытталды.

«Біздің компания Ресейге көкөністер, жемістер және шұжық өнімдерін жеткізеді. Жөнелтімдер көлемін 2017 жылы екі есе және 2018 жылы 10 есе ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Роман Гуссамов.

«АкОрда Capital» компаниялар тобы «Тұлпар» сауда маркасымен шұжық өнімдерін өндіреді, сондай-ақ жеміс-көкөніс консервілерінің дистрибуциясымен айналысады. Аспаздық пен фирмалық сауда желісінің дамыған торабына иелік етеді.

«KazakhExport командасы нәтижеге бағытталған, қаржылық қолдаудан басқа компания басшылығы әлеуетті сатып алушылармен кездесулер ұйымдастырады, біздің тауарымызды Қазақстанның шегінен тыс жерлерге де ілгерілетуде. Бұл үшін оларға үлкен алғыс білдіреміз», - деді «Ак Орда Capital» басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, KazakhExport-тан отандық экспорттаушыларды қолдау құралдарының бірі «Қарызды сақтандыру» қаржы институтын шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындамау тәуекелінен қорғайды. Алдымен қазақстандық экспорттаушы мен шетелдік компания қазақстандық тауарларды немесе қызметтерді жеткізуге экспорттық келісімшарт жасасады, содан кейін экспорттаушы экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерді алу үшін қарыз алуға банкке және қарызды сақтандыру шартын жасасу үшін KazakhExport-қа өтінім береді, бұл ретте KazakhExport-тан сақтандыру қорғанысын қаржы институты қамсыздандыру ретінде қабылдайды және экспорттаушыға қарыз береді.

Экспорттаушы экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындайды және қарыз шартына сәйкес қаражаттарды банкке қайтарады. Экспорттаушы тарапынан қаржылық міндеттемелер бұзылған жағдайда, KazakhExport қаржы институтының залалдарын өтейді.