Қазақстанның Даму Банкі бизнес өкілдеріне арналған вебинар өткізеді
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) әлеуетті бизнес өкілдерін «Қазақстанның Даму Банкінен қаржыландыруды қалай алуға болады?» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырады.
Іс-шара кәсіпкерлерді инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерімен және қаражат алу процесінің кезеңдерімен таныстыруға бағытталған.
Вебинар ірі инвестициялық және экспорттық жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған компаниялардың басшылары мен қаржы директорларына пайдалы болмақ.
Кездесу барысында қатысушыларға келесі ақпарат ұсынылады:
- қаржыландыру басымдықтары – Банк ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды, сондай-ақ жоғары қосылған құны бар экспортқа бағытталған өндірістерді құру немесе жаңғыртуға бағытталған кластер жобаларды қолдауға маманданған;
- негізгі қаржылық құралдар – тікелей несие беру, кепілдендіру, лизингтік мәмілелер, экспорттық қаржыландыру және басқа да құралдар;
- қаржыландыру шарттары – қарыздың ең төменгі сомасы, несиелеу мерзімі және жобаның меншікті қатысу үлесіне қойылатын талаптар түсіндіріледі
- кластер жобаларды қарастыру ерекшеліктері – кластер жобаларды іріктеу критерийлері, бірыңғай регламент, скрининг, индикативтік талдау және жобаны сараптау кезеңдері.
Вебинар 14 қараша күні сағат 17:00-де (Астана уақыты бойынша) Zoom платформасында өтеді.
Вебинарға тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/ZLXtyTZxoPqfRrL76
Анықтама
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) – Қазақстан аумағында ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандарды қаржыландыру және дамытуға маманданған ұлттық даму институты.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:
Телефон: 8 (7172) 79 26 08 Сайт: www.kdb.kz
E-mail: pressa@kdb.kz
