KazakhExport және ICIEC Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайту үшін ынтымақтастықты күшейтуде | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport және ICIEC Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайту үшін ынтымақтастықты күшейтуде

2025 жылғы 4–6 қараша аралығында Сауд Арабиясының Джидда қаласында Аман одағының (Aman Union) 15-ші жыл сайынғы Бас Ассамблеясы өтті. Шара барысында Исламдық инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру корпорациясы (ICIEC) және Қазақстанның экспорттық несиелік агенттігі (KazakhExport) экспорттық документарлық аккредитивтерді қайта сақтандыру бойынша міндетті келісімшартқа қол қойып, оның әрекет ету мерзімін 2025–2026 жылдарға ұзартты.

Аталған келісімшарт аясында бұрынғы кезеңде 19 банк болса, биыл жақын шет елдердегі 29 банктің тәуекелдері қайта сақтандыруға енгізілді, бұл экспортшыларға сауда қаржыландыруын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Биыл ICIEC тарапынан автоматты лимит 60 млн АҚШ долларына жетті, бұл корпорацияның KazakhExport тәуекелдерді бағалау жүйесіне жоғары деңгейде сенетінін көрсетеді.

Сақтандыру қызметінде тек тәуекелдерді өз мойнына алу ғана емес, оларды тиімді басқару да маңызды. Бұл принцип қайта сақтандыру механизмінің көмегі арқылы жүзеге асады, ол экспортшыларға сенімді қорғаныс ұсынумен қатар, әлеуетті шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай келісімдер ұлттық экспорттық-сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын нығайтып, халықаралық деңгейде оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Форум барысында Қазақстанның Экспорттық несиелік агенттігінің Басқарма төрағасының орынбасары Аян Бектыбаеваның MENA және Африка аймақтарында экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған кездесулері өтті, Алжир және Нигериямен жаңа келісімшарттар жасалып, Қазақстан экспорты мен серіктестік жобаларды дамытуға жаңа перспективалар ашылды.

«Біз MENA және Африка аймақтарында үлкен әлеует көреміз және жаңа нарықтарға шығу мен мәмілелер жасау үшін платформа құруға тырысамыз. Біздің мақсатымыз — жергілікті нарықты түсінетін және бізді аз тәуекелмен нарыққа шығару үшін көмектесетін серіктестермен жұмыс істеу», — деді А. Бектыбаева.

Осы контексте Аман одағы ынтымақтастықты күшейтіп, халықаралық серіктестік үшін мықты платформаны қалыптастырады.

«ICIEC-пен қайта сақтандыру саласындағы ынтымақтастығымыз Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін одан әрі нығайтады және жаңа жобаларды шетелде іске асыруға сенімділікті арттырады», — деп атап өтті KazakhExport өкілі өз сөзінде.

ICIEC мен KazakhExport күш-жігерін біріктіре отырып, аймақтық сауда экожүйесінің тұрақты өсуіне, оның тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ ислам әлемі елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуді жалғастыруда.

Aman Union — Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (OIC) мүшесі елдердің мемлекеттік және жеке сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының кәсіби одағы. Бас Ассамблеяны ұйымдастырушы — Исламдық инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру корпорациясы (ICIEC), ол Исламдық даму банкі тобына (IsDB Group) кіреді.

consultation Кеңес ал!