Республикa күні қарсаңында «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлері марапатталды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Республикa күні қарсаңында «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлері марапатталды

Республика күні қарсаңында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері үшін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында ел экономикасының әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық бастамалар мен негізгі жобалардың табысты жүзеге асуына үлес қосқан Холдинг пен еншілес компаниялардың қызметкерлері атап өтілді.

Кәсіби қызметтегі адал еңбегі мен жоғары нәтижелері үшін келесі қызметкерлер марапатталды:

1. Найля Карменова – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Алғыс хаты;
2. Елена Абилова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының Құрмет грамотасы;
3. Ілияс Ермұхамбетов – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хаты.

Холдинг басшысы ұжымды Республика күнімен құттықтап, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін ризашылығын білдірді.

consultation Кеңес ал!