«СарыарқаАвтоПром» Ресей нарығы үшін JAC автомобильдерін шығаруға эксклюзивті құқық алды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«СарыарқаАвтоПром» Ресей нарығы үшін JAC автомобильдерін шығаруға эксклюзивті құқық алды

08 қарашада Елбасының Қостанай қаласына сапары шеңберінде «СарыарқаАвтоПром» автоқұрастыру зауытында China National Vehicle Import and Export Company, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойылды.

Құжат қытайдың China National Vehicle Import and Export Company компаниясының «СарыарқаАвтоПром» қазақстандық зауытына машина жиынтықтарын жеткізуін, JAC маркалы автомашиналарды шығару және оларды KazakhExport құралдарының көмегімен Ресей Федерациясының аумағына экспорттау құқығын көздейді. JAC маркалы автомобильдерінің мақсатты аудиториясы лизинг компаниялары, вендорлық және жеке таксомотор компаниялары, сондай-ақ автомашиналардың көтерме дилерлері болып табылады.

«KazakhExport отандық «СарыарқаАвтоПром» автоқұрастыру зауытына экспортты мемлекеттік қолдаудың құралын  ресей рублімен экспорттық сауданы қаржыландыруды ұсынды. Құрал қазақстандық автоөндірушіге өзі құрастырған JAC маркалы автомобильдерін «кассадан алшақтамай» экспорттауына мүмкіндік береді, ал ресейлік сатып алушы арзан және үздіксіз қаржыландыру түріндегі төлем мұрсатын алады. Сөйтіп, KazakhExport автомобильдерді РФ-на жеткізуді қаржыландырады, экспорттаушы төлемді уақтылы алады, ал импорттаушы төлем мұрсатын алады», - деп түсіндірді «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков.

«Экспорттық әлеуетті дамыту  компания қызметінің басым бағыттарының бірі. Біздің автомобильдерімізге көрші нарықтардың қызығушылығын көріп отырмыз, мәселен, «KazakhExport»-тың қолдауымен биыл JAC автомобильдерінің бірінші топтамасы Тәжікстанға жобаның $10,5 млн. жалпы құнымен тиеп-жөнелтілді. Қазақстандық автомобильдер экспортының өсу үрдісінің жалғасатынына сенімдіміз, мұны цифрлар растап отыр, өткен жылмен салыстырғанда ҚР-да экспорт 3,7 есе өсті», - деп әңгімеледі «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев.

Бұрын, 2017 жылдың мамыр айында «Холдинг Азия Групп Таджикистан» мен «СарыарқаАвтоПром» арасында Жеткізу шартына қол қойылған болатын, оның шеңберінде 2017 жылдың маусымында «СарыарқаАвтоПром» зауыты Тәжікстанға автомобильдердің бірінші топтамасын тиеп-жөнелтті. Жеткізулер 577,5 мың АҚШ доллары сомасына 55 дана JAC S3 автомобильдері бірінші топтамасынан басталды. Экспорттық жеткізуге «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы — KazakhExport қолдау көрсетті.

Анықтама үшін:

  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы. «KazakhExport» миссиясы – экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылмай емес қолдау практикасын қалыптастыру. Баспасөз қызметі: +7 727 250 00 21 (ішкі 134), сайт www.keg.kz   

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі – ҚР Президентінің Жарлығымен даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылды. Холдингтің негізгі миссиясы – мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «Стратегия – 2050»-де қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қолғабыс көрсету.