«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ «Абай суреттеген табиғат» атты балалар шығармашылық байқауын өткізді. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ «Абай суреттеген табиғат» атты балалар шығармашылық байқауын өткізді.

Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметкерлерінің балалары арасында «Абай суреттеген табиғат» тақырыбы бойынша балалар шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.

Жас суретшілер туындысында табиғат сұлулығы мен рухани құндылықтар ұлы ақынның мұрасы арқылы көрініс тапты. Байқауға барлығы 12 бала қатысып, өздерінің шығармашылығын, ой ұшқырлығын және Абай шығармаларында көтерілген мәселелерге деген шынайы қызығушылығын көрсетті.

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпаққа Абай Құнанбайұлының мәдени және рухани мұрасын таныстыру, олардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және балалардың шығармашылық қабілетін ынталандыру.

Жеңімпаздар байқау тақырыбына қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеті мен еңбегін көрсеткені үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.

consultation Кеңес ал!