ЕАЭО мүше-елдердің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

ЕАЭО мүше-елдердің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«Еуразия аптасы» форумының шеңберінде ЕАЭО мүше-елдердің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.

Оған Қазақстанның, Ресейдің, Беларусьтің және Арменияның төрт ұқсас агенттіктері қолдарын қойды. Келісімнің қатысушылары ретінде «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков, «ЭКСАР» АҚ клиентпен жұмыс және андеррайтинг жөніндегі басқарушы директоры Никита Гусаков, «Белэксимгарант» белорусь республикалық біртұтас экспорттық-импорттық сақтандыру кәсіпорнының Бас директоры Геннадий Грицкевич және «Арменияның экспорттық сақтандыру агенттігі» АЖАҚ атқарушы директоры Армен Шахназарян әрекет етті.

Ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға түсініктеме бере келіп, Руслан Искаков меморандумның ақпаратпен және тәжірибемен бөлісуге, сондай-ақ экспорттық кредиттеу саласында туындайтын міндеттердің бірлескен шешімін әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«ЕАЭО шеңберінде интеграция тез жүруде және бизнес алысқа ұзап кетті. Біздің экономикалық кеңістікте жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорындар көп. Сондықтан әртүрлі елдердің экспорттық-кредиттік агенттіктері осы саланы реттейтін заңнаманың барынша тиімді болуы үшін ортақ шешімдерді, бірлескен құралдарды ұсынуы, оларды сәйкестендіруі қажет », – деді Искаков.

Көзі: kazpravda.kz