Сбербанк пен KazakhExport қазақстандық аккумуляторлардың Ресейге экспортына қолдау көрсетті
Сбербанк қазақстандық аккумуляторлар шығарушы «Қайнар-АКБ» компаниясына өнімдерін Ресей Федерациясына жеткізу үшін экспорттық келісімшарт бойынша сауданы қаржыландырды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
«Қайнар-АКБ» компаниясы өз бизнесін қарқынды дамытып келе жатқан біздің көпжылдық және сенімді серіктесіміз. Тек былтыр ғана компания өнімдерінің экспорты 2 еседен аса өсті - дейді «Сбербанк» ЕБ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елдар Теңізбаев. - Біз өз клиентімізге ынтымақтастықтың жаңа нысанын – экспорттық келісімшарт бойынша сауданы қаржыландыруды қуана ұсындық. Мәміле барлық қатысушылар үшін тартымды, импорттаушы қардыландыруды тиімді шарттармен алады, ал экспорттаушы төлем тәуекелдерін банкке жүктеп, өткізу географиясын кеңейтеді. Сбербанк Made in Kazakhstan өнімдері экспортының өсуіне одан әрі қолғабыс көрсетпек ниетте».
«Сбербанк» ЕБ АҚ Ресей банктерінің бірінде экспорттаушының пайдасына шығарылған аккредитивті растап, клиенттің түсімді алуының төлем тәуекелін өзіне алды. Бұл ретте аталған тәуекелдер «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) сақтандыру өтемінің арқасында төмендетілді. Сондай-ақ ынтымақтастық шеңберінде банк пен экспорттық сақтандыру компаниясы арасында құжаттамалық аккредитивтер бойынша экспорттық өнімді шетелдік сатып алушыларға жеңілдікпен қаржы беруге мүмкіндік беретін келісім жасалды.
Көзі: forbes.kz