KazakhExport Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілеріге шетел нарығына шығудың құралдарын таныстырды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілеріге шетел нарығына шығудың құралдарын таныстырды

Шығыс Қазақстан облысына төрт күндік жұмыс сапарының шеңберінде «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (KazakhExport) өкілдері Өскемен және Семей қалаларының 15-тен астам өндірістерінің басшыларымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ «Даму» Қорының Өскемен қаласындағы өңірлік филиалының негізінде облыстың тауар өндірушілері үшін «Экспортты мемлекеттік қолдау құралдары» тақырыбына бизнес-семинар ұйымдастырылды.

KazakhExport Басқарушы директоры Руслан Төлегенов облыстың ірі өндірістеріне барды, олардың арасында: «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Тандем Агро» ЖШС (ауылшаруашылық өнімдері, техника және басқалар), «Қазполиграф» ЖШС (орау материалдарын өндіруші), «ШҚ Ұн тарту-құрама жем комбинаты» ЖШС, «Семей метиз зауыты» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және басқалар бар.

Өндіріс басшыларымен келіссөз барысында KazakhExport-тың қазақстандық экспорттаушыларды қолдауға және басқа елдердің ұқсас өнімдерін экспорттаушыларымен бірдей қаржыландыру жағдайларын жасауға бағытталған құралдары таныстырылды.

«Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның экономикасы әртараптандырылған өнеркәсібі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады, мұнда өнеркәсіптің барлық дерлік кіші салаларының ірі, орта және шағын кәсіпорындары бар. ШҚО-ның географиялық тиімді орналасуы және жөнге салынған көлік-логистикалық инфрақұрылымы облыстың өндірушілері үшін өнімдерін шетел нарықтарына, атап айтқанда Ресейдің іргелес өңірлерінің нарықтарына жеткізу бөлігінде қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді. Осыған байланысты экспортты ілгерілету жөніндегі ұлттық оператор KazakhExport айналым қаражаттары немесе банктен кредит алу үшін кепілі жетпейтін, импорттаушы тарапынан төлемей қою тәуекелін сақтандырғысы келеді немесе әлеуетті сатып алушының сенімділігін тексеруді қалайтын жергілікті өндірушілерге қаржы-сақтандыру қолдауын ұсынуға дайын, - деді Р. Төлегенов.

Облыс кәсіпкерлері үшін «Экспортты мемлекеттік қолдау құралдары» тегін бизнес-семинары шеңберінде KazakhExport-тың өкілдері өңдеуші сектордың қазақстандық өнімдерін шетел нарықтарына экспорттаушылар үшін KazakhExport құралдарының артықшылықтары туралы  әңгімелеп берді.

«Біздің басты міндетеміз  бұл мемлекеттік мүдделерді қазақстандық кәсіпорындардың жоспарларымен үйлестіру үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ету және елдің экспорттық әлеуетін іске асыруға қолғабыс көрсететін экспорттық тәуекелдерді сақтандырудың сенімді жүйесін құру», - деп түсіндірді KazakhExport қаржы-сақтандыру құралдарын таныстыру барысында KazakhExport сақтандыру департаментінің директоры Қуаныш Мұқажанов.

Жүз пайыздық алдын ала төлеммен жұмыс істеуге үйреніп қалған және тиісінше, экспорт географиясы мен бәсекеге қабілеттілігі бойынша белгілі шектеулері бар семинар қатысушыларының көпшілігі үшін KazakhExport-тың классикалық құралдары — төлем мұрсаты негізінде экспорттық кредиттерді сақтандыру (экспорттаушының кредитін сақтандыру) және қаржыландыруды сатып алушыларды «кассадан алшақтатпай»,  экспорттаушылардан сатып алуды беру (экспорттық сауданы қаржыландыру) неғұрлым үлкен қызығушылық тудырды.

Анықтама үшін:

  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы. «KazakhExport» миссиясы – экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылмай емес қолдау практикасын қалыптастыру. Баспасөз қызметі: +7 727 250 00 21 (ішкі 134), сайт www.keg.kz   

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі – ҚР Президентінің Жарлығымен даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылды. Холдингтің негізгі миссиясы – мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «Стратегия – 2050»-де қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қолғабыс көрсету.