Nippon Export and Investment Insurance, NEXI және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Nippon Export and Investment Insurance, NEXI және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Жапонияның мемлекеттік экспорттық-кредиттік агенттігі Nippon Export and Investment Insurance, NEXI және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

7 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары шеңберінде Жапонияның мемлекеттік экспорттық-кредиттік агенттігі Nippon Export and Investment Insurance, NEXI және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«KazakhExport» СК» АҚ тарапынан құжатқа Басқарма Төрағасы Руслан Викторович Искаков, NEXI тарапынан Басқарма төрағасының орынбасары Сатору Кояма қолын қойды.

Құжат екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға бағытталған және Қазақстан мен Жапония үшін өзара қызығушылық туғызатын үшінші елдерге тауарлар мен қызметтердің экспорты бойынша бірлескен жобаларды қаржыландыру мәселелеріндегі тараптардың ынтымақтастығын қарастырады. Тараптар сонымен қатар экспорттық кредиттер, инвестицияларды сақтандыру және сақтандыру кепілдіктері саласындағы іс-шараларды үйлестіру Mақсатында одан әрі кооперациялану және ақпаратпен алмасу туралы уағдаласты.