«K-sure» Кореяның сауданы сақтандыру жөніндегі компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапарының шеңберінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың «Korea Development Bank» Корей даму банкінің, «K-sure» Кореяның сауданы сақтандыру жөніндегі компаниясының басшылығымен, сондай-ақ "Hyundai Engineering" және «SK Engineering & Construction» жетекші инжинирингтік компанияларымен кездесулері болды.
Кездесулер қорытындылары бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдары мен Корея Республикасының қаржы ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойылды. «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы - «KazakhExport» АҚ-ы «K-sure» Кореяның сауданы сақтандыру жөніндегі компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумдарға қол қою экспортты ілгерілету, саудалық және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру саласындағы корей тәжірибесімен алмасуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауданы ынталандыруға септігін тигізеді.