ЭКА роуд-шоуы: ШҚО экспорт өсімі бойынша көшбасшылар үштігіне енді
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) роуд-шоу өткізді. Сапар аясында облыс әкімдігі мен ШҚО кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кәсіпкерлерге арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға агроөнеркәсіп кешені, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өкілдері қатысты.
Экспортты өсіруге арналған жаңа мүмкіндіктер
Кездесу барысында ЭКА-ның аймақтық менеджері Алтынгүл Төлегенова агенттіктің қолданыстағы қолдау құралдары туралы айтып, жаңа өнім – экспорттық операцияларды кепілдендіру қызметіне баса назар аударды. Сонымен қатар, қатысушылар агенттіктің цифрлық жаңалықтарымен – «Экспорттаушының жеке кабинеті» атты жаңа платформасымен танысты. Бұл жүйе өтінім беруден бастап шарт жасасуға дейінгі құжат рәсімдеу циклін толық электронды форматта жүргізуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис өзара іс-қимыл процесін жеңілдетіп, кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді.
«Платформамыздың тиімді жұмысы мен қаржылық шешімдердің кең ауқымы арқасында 2025 жылдың алғашқы жартысында Шығыс Қазақстан облысы ЭКА-ның сақтандыру қамтуы мен берілген кепілдіктер көлемі бойынша Қазақстанның ірі үш өңірінің қатарына енді», – деп атап өтті Алтынгүл Төлегенова. Ол өңірдің сыртқы экономикалық қызметті одан әрі жандандыруға зор әлеуеті бар екенін, және агенттіктің мұндай бастамаларды қолдауға дайын екенін қосты.
А. Төлегенова атап өткендей, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ШҚО ЭКА-ның сақтандыру және кепілдік міндеттемелері көлемі бойынша көшбасшылар үштігін қорытындыласа, әрі қарай өсу әлеуеті әлі де жоғары. Осыған байланысты ЭКА өңірдегі бизнесті жан-жақты қолдап, компанияларға жаңа нарықтар мен мүмкіндіктерге жол ашпақ. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЭКА-ның қолдауы арқасында өңірде жалпы сомасы 62 млрд теңгеден асатын жобаларды іске асырған 10-нан астам экспортқа бағытталған компания табысты жұмыс істеуде.
Экспорттаушыларға қаржылық ынталандырулар
Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі – жылдық мөлшерлемесі 12,6%-дан аспайтын тартымды кредиттеу шарттарын ұсынатын алдын ала экспорттық қаржыландыру құралы болды. Бұл тетік коммерциялық банктер арқылы да, Қазақстанның Даму Банкі арқылы да қолжетімді. Аймақтық менеджердің айтуынша, бұл – ең танымал қаржылық өнім, ол шикізат сатып алуға және экспорттық партияларды дайындауға айналым қаражатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ШҚО кәсіпкерлері келесі танымал қолдау құралдарымен танысу мүмкіндігіне ие болды:
-
сауда қаржыландыруы;
-
кредиттік тәуекелдерді сақтандыру;
-
экспорттық келісімшарттар бойынша төлемдер немесе жеткізілімдерді кейінге қалдыру;
-
әртүрлі кепілдік түрлерін ұсыну тетіктері (халықаралық конкурстарға қатысу, жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындау және өзге де посттендерлік кепілдіктер).
ШҚО бойынша алдыңғы кезеңнің қорытындылары
2024 жылы ЭКА-ның қызметі ондаған жергілікті компанияларға сыртқы нарықтағы позицияларын нығайтуға көмектесті, іске асырылған экспорттық жобалардың жалпы сомасы 62 млрд теңгеден асты.
Бүгінгі таңда ЭКА-ның қаржылық, сақтандыру және кепілдік құралдарын 300-ден астам отандық компания пайдаланды. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 333 млрд теңгеден асып, жыл соңына дейін 600 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде. Осы кезеңде ШҚО ЭКА-дан жалпы сомасы 30 млрд теңге болатын қолдау алып, экспорттаушылар көшбасшыларының үштігіне енді.
Роуд-шоудың екінші толқыны
Іс-шараның екінші бөлігі алдыңғы күні аймақ кәсіпорындарына ұйымдастырылған баспасөз турынан басталды. Тур аясында «Востокмашзавод» зауытына, «ALTAI MAI» ауыл шаруашылығы кәсіпорнына және «Altyn Shygys» өндірістік алаңына бару жоспарланды. Бұл сапарлар жергілікті өндірістердің нақты жетістіктерін және проблемаларын бағалауға, экспорт көлемін арттырудың қосымша өсу нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді.
