2013 жылғы 01 наурызда Жамбыл облысының Өңірлік экспорттаушылар кеңесінің Бірінші отырысы болып өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

2013 жылғы 01 наурызда Жамбыл облысының Өңірлік экспорттаушылар кеңесінің Бірінші отырысы болып өтті

Облыс әкімдігінің Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы отырысқа облыстың әрекеттегі, сондай-ақ экспортқа бағытталған кәсіпорындарын шақырды. «KazakhExport» АҚ мен «KaznexInvest» АҚ экономиканың өңдеу секторының экспорттаушыларына мемлекеттік қолдау көрсетудің барлық аспаптарын түсіндірумен баяндама жасады. Өңірлік экспорттаушылар кеңесінің мүшесі болып табылатын «KazakhExport» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Хасенова Г.А. қазақстандық экспорттаушыларға, сондай-ақ олардың өнімдерін шетелдік сатып алушыларға қолдау көрсетуге арналған қаржы-сақтандыру өнімдерін таныстырып шықты. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам осы өңірдегі агрохимиялық өнімдердің экспорттық жіберушісі «Казфосфат» ЖШС-ға қолдау көрсетіп отырды. Облыстың экспорттық әлеуетін дамытудың перспективалық бағыттарына «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Таразкожобувь» ЖШС, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС, «SuperPHARM» ЖШС және туристік компаниялардың қызметі жатады.