2013 жылғы 14 наурызда Ташкент қ. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілдерінің ... | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

2013 жылғы 14 наурызда Ташкент қ. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілдерінің ...

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда-саттықты одан әрі дамыту мен арттыру жөніндегі әріптестік жасау мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ «Техно Плаза» Индустриалды бизнес-орталығында өткен кездесу де қызықты болды. Ақпарат-консалтингілік орталығының директоры Бегматов И.И. Техно Плаза орталығын құрудың алғы шарттары, мақсаттары, дамыту перспективалары туралы әңгімеледі. Бұл жағдайда ол Техно Плаза орталығының негізінде Өзбекстан Республикасы үшін басымдылыққа ие тауарлық жайғасым топтары бойынша таныстыру рәсімін өткізудің мүмкіндігін атап өтті. Кездесулерге «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам компаниясынан Қаржы директоры Саханов Н. Н. және Заң департаментінің директоры Сейтенов Д.Н. қатысты.