«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Қырғызстан, Бішкек қ. Сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Қырғызстан, Бішкек қ. Сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты

Шара 2013 жылғы 26-27 наурызда Бішкек Сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен өткізілді. Сауда-саттық миссиясының ұйымдастырушысы ретінде «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» шықты. Машиналар мен жабдықтар, құрылыс материалдары, былғары өнімдері, макарон бұйымдары өндірісінде, құрылыс саласында қызмет ететін Қазақстанның 10 астам кәсіпорны өз өнімдерін таныстырды. ЭкспортГарант Сату департаментінің директоры Тілеуберлин Ж. және Сату департаменті директорының орынбасары А.Жұмаділов экспорттаушыларға, сондай-ақ қазақстандық өнімдердің шетелдік сатып алушыларға қаржылық-сақтандырумен қолдау көрсететінін әңгімеледі.