Moody's Investors Service агенттігі «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам АҚ-ның Baa2 деңгейіндегі рейтингісін растады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Moody's Investors Service агенттігі «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам АҚ-ның Baa2 деңгейіндегі рейтингісін растады

Moody's Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігі «KazakhExport» СК» АҚ-ның "Baa 2" халықаралық межелігі бойынша Сақтандырушының Қаржылық Тұрақтылық рейтингісін растады, болжам - "тұрақты". «KazakhExport» СК» АҚ-ның қызметіне талдау жүргізу кезінде Компанияның бірнеше жыл бойғы тұрақты өсуі, активтердің, меншікті капитал мен сақтандыру резервтері сомасының артуы, сондай-ақ сенімді сақтандыру қоржыны бағаланды. Сонымен қатар, Moody's Investors Service рейтингілік агенттігінің мамандары ірі халықаралық ұйымдармен қайта сақтандыру жүйесін қолдану тиімділігін атап өтті.