Лондонда экспорттық жобаларды андеррайтингтеу саласындағы инновациялар талқыланды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Лондонда экспорттық жобаларды андеррайтингтеу саласындағы инновациялар талқыланды

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің делегациясы Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен «Insurance Transformation Summit» сақтандыруды трансформациялау саммитіне қатысты.
Іс-шараға 2500-ден астам қатысушы жиналды, олардың қатарында жетекші сақтандыру компанияларының басшылары мен андеррайтинг пен тәуекелдерді басқару саласының сарапшылары болды.
Саммит аясындағы негізгі назар экспорттық жобалардағы тәуекелдерді бағалаудың заманауи тәсілдеріне, атап айтқанда жасанды интеллект (AI) пен үлкен деректерді (Big Data) енгізуге бағытталды. Банктік және сақтандыру секторларының мамандары андеррайтинг пен тәуекел-менеджмент процестерін цифрландыру тәжірибесімен бөлісті. Шикізат нарығындағы құбылмалылық жағдайында дефолтты болжау үшін алгоритмдерді қолдану мәселелері талқыланды.
Саммит барысында Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің өкілдері халықаралық серіктестермен бірқатар мазмұнды екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздердің негізгі тақырыптары:

  • Экспорттық жобаларды андеррайтингтеудегі инновациялар;

  • Нарықтық тұрақсыздық жағдайында қаржылық және операциялық тәуекелдерді азайту;

  • Саяси және кредиттік тәуекелдерді басқару, соның ішінде санкциялық режимдер мен логистикалық дағдарыстардың салдары.
    Сондай-ақ, саммит аясында ESG-трансформацияны сақтандыру өнімдеріне интеграциялау тетіктері мен тұрақты даму қағидаттарын ұстанатын клиенттер үшін жеңілдікті шарттар ұсынылды.

consultation Кеңес ал!