Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі құрылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі құрылды

Қазақстанда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі құрылды.

Президенттің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландырудың кейбір шаралары туралы» Жарлығы Ақорда ресми сайтында берілген размещен на официальном сайте Акорды.
Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне келесі тапсырмаларды заңнамамен белгіленген тәртіппен орындауды қаулы етті:

1) «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын («Байтерек» ҰБХ» АҚ) құру;

2) Былай деп белгілеу: «Байтерек» ҰБХ» АҚ – негізгі қызметі өзіне меншік құқығымен тиесілі болып келетін және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және өзге заңды тұлғалардың акциялар жиынтығын (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг;

3) Мыналарды қамтамасыз ету:

  • Акцияларының мемлекеттік жиынтықтары «Байтерек» ҰБХ» АҚ-ның орналастырылған акцияларының төлемі ретінде беріліп отырған акционерлік қоғамдардың тізімін бекіту, бұл тізімге сонымен қатар Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес акционерлік қоғамдар кіреді;
  • Жарлықтың 2-қосымшасында көрсетілген республикалық мүлікті айырбастау келісімшарты бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қорының меншігіне тапсыру;
  • 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін экономиканы дамыту мен әртараптындыруға, кластерлерді дамытуға ықпал ету мақсатында «Байтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің заңнамалық негізін әзірлеу;

4) Жарлықты іске асыруға қажетті өзге шараларды қабылдау.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі.
Акцияларының мемлекеттік жиынтықтары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылған акцияларының төлемі ретінде беріліп отырған акционерлік қоғамдар тізіміне енген ұйымдар:

  1. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі (акциялардың 100%-ы);
  2. «Қазақстанның тұрғын үй жинақтау банкі» акционерлік қоғамы (акциялардың 100%-ы);
  3. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (91,3554% акция);
  4. «Ипотекалық кредиттерді кепілдендірудің Қазақстандық Қоры» акционерлік қоғамы (акциялардың 100%-ы);
  5. «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамы (акциялардың 100%-ы);
  6. «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы (акциялардың 100%-ы);
  7. «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы (акциялардың 100%-ы);
  8. «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (акциялардың 100%-ы);
  9. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы (акциялардың 100%-ы);
  10. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (акциялардың 100%-ы).
chat Кеңес ал!