«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам «Корпоративтік қаржы 2013» қазақстандық форумына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам «Корпоративтік қаржы 2013» қазақстандық форумына қатысты

2013 жылғы 29 мамырда Алматы қаласында Басқарма Төрағасы Садықов Е.Т. «Корпоративтік қаржы 2013» қазақстандық форумында спикер ретінде «Қазақстанның шетелдік инвестициялары және орта бизнесі» панельдік пікірталасына қатысты. Форум шеңберінде тікелей инвестициялар нарығын дамыту, инвестицияларды сақтандырудың негізгі мәселелері, ағымдағы жағдайлар мен мемлекеттік шаралар жайлы әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, экономиканың нақты секторындағы бизнес-белсенділік: қай салалар 2013-2014 жылы барынша бәсекеге қабілетті.

Форумның ұйымдастырушысы ретінде Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының қолдауымен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ шықты.