ЭКА «Fats and Oils» халықаралық конференциясына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ЭКА «Fats and Oils» халықаралық конференциясына қатысты

Қазақстанның май өңдеу өнеркәсібінің экспорттау мүмкіндігі аса жоғары. Бүгінде еліміз әлем бойынша күнбағыс майын экспорттайтын үздік ондыққа кіреді.

Бұл туралы Халықаралық Fats and Oils (FOS) конференциясында айтылды. Панельдік сессияда сөз сөйлеген «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сергей Куклин отандық май өнімдерін өндірушілердің ұлттық экономикаға қосар үлесін жоғары бағалады. Ол ауыл шаруашылығы өнімдері экспорт көлемі бойынша ЭКА портфелінде дәстүрлі түрде алғашқы үштікке кіретінін атап өтті.


«Агенттік құралдары арқылы экспорттаушылар ортақ келісімшарт аясында жан-жақты қолдау тауып жатыр. Оның нәтижесінде өндіріс пен нарық жағдайында болуы мүмкін сын-қатерді барынша азайтуға, экспортты тұрақтандыруға және қолданысқа дайын өнімді көбейтуге болады», - деді С.Куклин.

Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Қытай, Еуропа, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінен 180-нен астам қатысушы жиналды. Іс-шара барысында саланы дамыту жоспары, логистиканы жақсарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін әртараптандыру және инвестиция тарту мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 21 мамырында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстанның даму банкі және еліміздегі ірі май өңдеу кәсіпорындары – «Altyn Shyghys» ЖШС мен «Qazaq-Astyq Group» ЖШС арасында үшжақты келісімге қол қойылған болатын. Келісім Холдингтің жаңа бағдарламасы аясында жасалды. Жоба май өнімдерін форвардтық жолмен сатып алуға бағытталған экспорт алдындағы қаржыландыруды көздейді. Бағдарлама экспорттаушылардың өндіріс ауқымын кеңейтіп, олардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады. Бұл қадам, нақтысын айтқанда, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына ықпал етеді. Кәсіпорындарға жалпы көлемі 23 миллиард теңгеге дейін қаржы құйылады.

chat Кеңес ал!