«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Беларусь Республикасының Минск қаласындағы Сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Беларусь Республикасының Минск қаласындағы Сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты

2013 жылғы 24-26 маусымда Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қазақстандық тауарларды/қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару қызметінің шеңберінде Беларусь Республикасының Минск қаласында Сауда-саттық миссиясын ұйымдастырды.
Екіжақты кездесулерде «KazakhExport» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Садықов Е.Т. және Сату департаментінің Директоры Тілеуберлин Ж.Т. қазақстандық өнімдерді экспорттаушыларға арналған, сондай-ақ оларды шетелдік сатып алушыларға арналған қаржылай-сақтандырумен қолдау көрсету жайлы әңгімеледі.