2013 жылғы 26 маусымда Экспорттаушылардың Өңірлік Кеңесінің Бірінші отырысы болып өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

2013 жылғы 26 маусымда Экспорттаушылардың Өңірлік Кеңесінің Бірінші отырысы болып өтті

Алматы қ. Әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы отырсқа қаланың экспортқа бағытталған кәсіпорындарын, мемлекет органдарының өкілдерін, даму институттары мен мамандандырылған қауымдастықтарды шақырды.

«KazakhExport» АҚ және «KaznexInvest» АҚ экономиканың өңдеу секторының экспорттаушыларын мемлекеттік қолдаудың барлық аспаптарын түсіндірумен баяндама жасады. «KazakhExport» АҚ Сату департаментінің директоры Тілеуберлин Ж.Т. және Маркетинг және PR басқармасының бастығы Жұмаділов Б.К. отандық экспорттаушыларды қолдауға арналған қаржы-сақтандыру өнімдерін таныстырды.

Сонымен қатар, отырыста КО шеңберінде өнімді шығару кезіндегі ҚҚС-ны қайтарумен байланысты мәселелер, ұлттық тауар белгілерін тануға қатысты мәселелер, ТО-да өнімнің сәйкестігін растау және тауарлардың шығарылған жері туралы сертификат беру рәсімдерін біріздендіру мәселелері қарастырылды.