«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Ауғанстанның Кабул қаласындағы сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Ауғанстанның Кабул қаласындағы сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты

2013 жылғы 2 - 3 шілдеде USAID компаниясы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен бірлесе отырып, қазақстандық тауарларды/қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару қызметі шеңберінде Ауғанстанның Кабул қаласына сауда-саттық миссиясын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының өндірушілері мен ауғандық импорттаушылардың екіжақты кездесулерінде Сату департаменті Директорының Орынбасары Жұмаділов А.А. қазақстандық өнімдерді экспорттаушыларға арналған, сондай-ақ оларды шетелдік сатып алушыларға арналған қаржылай-сақтандырумен қолдау көрсету жайлы әңгімеледі.

Сондай-ақ AfghanUnitedBank және Ghazanfarbank ұйымдарымен бас қосулар өткізілді, мұнда қазақстандық өнімдердің ауғандық импорттаушыларына арналған сауда-саттық қаржыландыру бағдарламасының жұмысы туралы мәселелер талқыланды.