«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Тюмень қ. Сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Тюмень қ. Сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты

Шара 2013 жылғы 30-31 шілдеде Тюмень қ. Сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен өткізілді. Сауда-саттық миссиясының ұйымдастырушысы ретінде «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ шықты. Машиналар мен жабдықтарды, құрылыс материалдарын, былғары өнімдерін, құрылыс және макарон бұйымдарын өндіру саласында қызмет ететін 10 астам Қазақстан кәсіпорындары өз өнімдерін таныстырды. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Сату департаменті директорының орынбасары Асқар Жұмаділов қазақстандық өнімдерді экспорттаушыларға арналған, сондай-ақ оларды шетелдік сатып алушыларға арналған қаржылай-сақтандырумен қолдау көрсету жайлы әңгімеледі.