«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам 114 Кантон жәрмеңкесінің тұсаукесеріне қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам 114 Кантон жәрмеңкесінің тұсаукесеріне қатысты

2013 жылғы 2 қыркүйекте Алматы қаласында Қытай сыртқы сауда орталығының ұйытқы болуымен 114 Кантон жәрмеңкесінің тұсаукесері болып өтті.
Кездесу шеңберінде қатысушыларға импорт және экспорт бойынша қытай көрмесінің 114 сессиясын өткізу ерекшеліктері әңгімеленді, ол 2013 жылғы 15 қазан – 4 қараша аралығында ҚХР Гуанджоу қаласының Паджоу кешенінде өтетін болады.

Тұсаукесерге Қытай сыртқы сауда орталығының 4 өкілі орталықтың вице-президенті Суй Бингтің жетекшілік етуімен және қазақстандық өнімдерді сыртқы нарықтарға экспорттауға бағытталған жетекші қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты.