«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Украинаның Киев қ. сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Украинаның Киев қ. сауда-саттық миссиясының жұмысына қатысты

2013 жылғы 9-11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қазақстандық тауарларды/қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару қызметінің шеңберінде Украинаның Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесе отырып Украинаның Киев қаласында сауда-саттық миссиясын ұйымдастырды.

Украиналық компания өкілдерімен екіжақты бас қосуларда «KazakhExport» СК» АҚ Сату департаменті Директорының Орынбасары А.А. Жұмаділов қазақстандық өнімдерді шетелдік сатып алушылар үшін қаржы-сақтандырумен қолдаудың артықшылықтары жайлы әңгімелеп берді.

Қазақстан-Украина бизнес-форумының қорытындылары бойынша бірнеше отандық тауар өндіруші, олардың арасында Кентау трансформаторлық зауыты және «Амитех Астана» астаналық кәсіпорны Украинаға экспорттық жеткізілімдер туралы уағдаластыққа қол жеткізді.