«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕҰ) ... | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕҰ) ...

Оңтүстік-Қазақстан облысының Әкімдігі ағымдағы жылдың 14-22 қыркүйегінде Ресей Федерациясына «KazakhExport» СК» АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ ЕҰ) қызметкерлерінің қатысуымен және Асқар Мырзахметовтың жетекшілік етуімен бизнес-делегацияның іскерлік сапарын ұйымдастырды.

Делегация Мәскеу, Қазан және Екатеринбург қалаларында болып қайтты, мұнда екі елдің бизнес-құрылымдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер, іскер топтардың екіжақты бас қосулары болып өтті, бас қосу кезінде «KazakhExport» СК» АҚ қызметкерлері ұлттық экспорт-кредиттік агенттіктің өкілі ретінде қазақстандық тауарларды ресейлік сатып алушыларға қаржылық-сақтандырумен қолдау көрсетудің артықшылықтары жайды әңгімеледі.

Оған қоса, Қазақстан тарапымен Мәскеу қаласында алғашқы өңірлік жәрмеңке өткізілді. Ресей астанасына Мәскеу мен Мәскеу облысымен әріптестігін кеңейткісі келетін, сондай-ақ өз жобаларын іске асыру үшін ресейлік серіктестерді тартқысы келетін Оңтүстік-Қазақстан облысының 30 астам жетекші кәсіпкері келіп жетті.

Бүгінде Кеден одағының елдері Мәскеу қаласында осындай жәрмеңкелер өткізудің эксклюзивті құқығына ие. Жәрмеңке Кеден одағының нарығына өз өнімдерін шығару мақсатында қазақстандық кәсіпкерлер үшін экономикалық маңызы бар шара болып табылады.