Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен Turk Eximbank экспортты дамытудың жаңа әдістерін талқылады
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында әлемнің жетекші экспорт-кредит агенттіктерінің бірі – Turk Eximbank бас кеңсесіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында бірқатар кездесу мен семинар өтті. Онда экспортты қолдаудың жаңа жолдары талқыға түсті. Жиында мынадай тақырыптар қозғалды:
- Бизнес-процесті автоматтандыру
- Экспорт мәмілелері кезіндегі комплаенс жұмысы
- Экспорт келісімшартын жүргізу кезінде тәуекелдерді басқару жолдары
- Халықаралық контркепілдіктер
- Экспорт-несие кепілдіктері
- Импорттаушыны қаржыландыру
- Тәуелсіз кепілдіктері бар жобаларды қаржыландыру
- Қысқамерзімді және ұзақмерзімді экспорт несиелері
- Сақтандыру жағдайлары және өтемақы
Turk Eximbank өкілдері ЭКА делегациясымен экспорттаушыларды қолдау, оның ішінде инвестицияларды сақтандыру және экспорт мәмілелеріне кепілдік беру тетіктерін бөлісті.
Қос тарап іс-шараның ЭКА арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл, қолдау жүйесін жетілдіру және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынасты дамыту үшін маңызды екенін атап өтті. Кездесу соңында қатысушылар негізгі бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелері мен жаңа қолдау құралдары талқыланды.
Айта кетейік, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі шикізат емес экспортты дамыту жөніндегі ұлттық институт бола отырып, өзінің негізгі қызметі шеңберінде өңдеуші сектордың экспорттаушы кәсіпорындарына және ЕДБ-ге сыртқы сауда операциялары кезінде төлем жасамау қатерінен сақтандыру қорғанысын ұсынады.
Анықтама:
Turk Eximbank – экспортты қолдау қызметтерінің кең түрін ұсынатын Түркияның экспорт- кредит агенттігі. Компания экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру, кепілдіктер, қаржыландыру, консалтинг және ақпараттық қолдау бойынша қызмет көрсетеді.