«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕҰ) .. жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕҰ) .. жұмысына қатысты

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ 2013 жылдың 9-10 қазанында Грузияның Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Грузияның Экономикалық даму министрлігімен бірлескен түрде қазақстандық тауарларды/қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару қызметі шеңберінде Тбилиси қаласында сауда-саттық миссиясын ұйымдастырды.

Бизнес-форумға өз жобаларын іске асыруға арнап серіктестерді тартқысы келетін Қазақстан Республикасының ең ірі 11 компаниясы және Грузия Республикасының 40 компаниясы қатысты. Грузия тарапы Қазақстанның ұн, макарон бұйымдары мен тұз өндірушілерімен сомасы 3,5 млн. АҚШ доллардың экспорттық келісімшарттарына қол қойды.

Екіжақты бас қосуларда «KazakhExport» СК» АҚ өкілдері қазақстанда шығарылған тауарларды сатып алушыларға арналған қаржы-сақтандырушылық қолдаудың артықшылықтары жайлы әңгімеледі.

Сондай-ақ Грузия астанасында Bank of Georgia, ВТБ Банк Грузия және Bank Liberty өкілдерімен Қазақстан Республикасының 2010-2014 жж. МҮИИДБ бағдарламасы бойынша саудалық қаржыландыру шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бас қосулар өткізілді.