Ақмола облысы: экспорт үшін жаңа перспективалар | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Ақмола облысы: экспорт үшін жаңа перспективалар

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі (ЭКА) Ақмола облысында бизнес-қоғамдастыққа арналған семинарға қатысты. Іс-шара аясында өңірдегі инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары мен оның даму келешегі талқыланды.

Экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер

ЭКА сақтандыру және кепілдік департаменті директорының орынбасары Әділ Мұқанов Агенттік ұсынатын кең ауқымды қызмет туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жаңа өнім – экспорттық операцияларды кепілдендіруге ерекше назар аударылды, ол шетелдік нарықтарға шығу кезінде қазақстандық компаниялардың тәуекелдерді азайтуына мүмкіндік береді.

«ЭКА экспорттаушылар үшін сыртқы экономикалық қызметтің барлық кезеңдерінде кешенді шешімдер ұсынады, – деп атап өтті Әділ Мұқанов. – Клиенттерімізге барынша қолдау көрсетілуі үшін біз өнім портфелін кеңейту бойынша үзбей жұмыс жасап келеміз. Бүгінгі таңда Агенттік тарапынан көрсетілген қолдаудың көлемі 330 млрд теңгеден асса, жалпы экономикалық нәтиже 1,7 трлн теңгеге жетті».

Өндірістік кәсіпорындарға бару

Ақмола облысына сапарының барысында Ә. Мұқанов өңірдің жетекші өндірістік кәсіпорындары – «Kazrost Engineering» зауыты мен «ГорМолЗавод» ЖШС компанияларына барды. Бұл компаниялардың жұмысымен танысу олардың экспорттық әлеуетін бағалауға және одан әрі қолдау көрсету бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Бизнеспен ашық диалог

Семинар мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Кәсіпкерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігін алды. Түскен ұсыныстардың барлығы экспорттаушыларға қолдау көрсетудің жаңа шараларын әзірлеу үшін мұқият талданатын болады.

chat Кеңес ал!