«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам ... қатысуын аяқтады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам ... қатысуын аяқтады

«KazakhExport» СК» АҚ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның бастамасы бойынша өңірлік Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтарының бірлескен тиімді өзара іс-қимылы шеңберінде 2013 жылдың қыркүйек және қазан айларында Республиканың Алматы, Семей, Павлодар, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қостанай және Көкшетау сияқты Республиканың облыс орталықтарында бірқатар оқыту семинарларын өткізді.

Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерін оқыту шараларын ұйымдастыру шеңберінде сонымен қатар отандық өнімдердің жергілікті өндірушілері мен экспорттаушылары, екінші деңгейдегі банкілердің өңірлік өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақыртылды. Қызметкерлер «KazakhExport» СК» АҚ-ның экспорт-кредиттік операторы ретінде оның қызметі мен функциялары туралы материалдарын, қазақстандық экспортты ілгері жылжытуға ықпал етуге бағытталған қаржылық және сақтандыру өнімдерін көрсетті.

«Бәйтерек» компаниялар тобына кіретін өзге даму институттарымен бірлесе отырып қабылдаған шаралар алдағы уақытта да экономиканың шикізаттық емес секторындағы экспортқа бағытталған өндірістерді құру және олардың қызмет аясын кеңейту кезінде кешенді тұрғыц принциптерін іске асыруды көздейтін болады.